Зорлық-зомбылықтың құрбаны болғанда не істеу керек?
"Зорлық-зомбылықтың құрбаны болғанда не істеу керек?"
«Зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күн» ақпараттық науқанын өткізу аясында мектеп психологтардың ұйымдастыруымен "Зорлық-зомбылықтың құрбаны болғанда не істеу керек?" тақырыбында тренинг өткізді
Бүгінгі таңда технологиялардың дамуы біздің қалай өмір сүретінімізді, достасатынымызды, жаңа нәрселерді танып-біліп, өзімізді алаңдататын мәселелердің шешімін қалай іздейтінімізді түбегейлі өзгертіп, әдеттегі тұрмыс салтына айтарлықтай әсер етеді. Сонымен қатар, жаңа технологиялар бүгінде цифрлық зорлық-зомбылық деп аталатын жаңа қауіптерді де алып келеді. Бұл бір адам басқа адамды айлаға жығуға, қорқытуға және басқаруға, гаджеттердің, қосымшалар мен әлеуметтік желілердің көмегімен оған зиян келтіруге әрекет жасағанда орын алады.
Білім беру ортасындағы жасөспірімдер арасындағы зорлық-зомбылықтың алдын алуда тренингтердің көмегі орасан зор. Осы орайда мектеп психологтары буллинг, кибербуллингтің алу мақсатында 6-7 сынып оқушыларымен тренинг өтізді. Тренинг барысы:
- Танысу «Байланыс»
- Додэкадр
- «Мен жоқ деп айтамын» жаттығуы.
Педагог-психологтың буллингтің алдын алу бойынша жұмысында белгілі бір оқушымен және жалпы топпен жұмысы маңызды орын алады. Әрбір жасөспірімге өмірдің қиын сәттерінде өз көзқарасын тауып, қолдау көрсетіп, сонымен қатар жасөспірімнің жеке басының ерекшеліктерін, жігері мен күшін ескере отырып, оны дұрыс жолға бағыттауы керек.
https://140sh-kzl.edu.kz/kz/zhanaly-tar/1076-zorly-zombyly-ty-rbany-bol-anda-ne-isteu-kerek.html#sigProId1ab71aa66e



