Буллингтен қорған!
Буллингтен қорған!
Қоғамда орын алып отырған жасөспірімдер арасындағы қорлау, мазақтау, намысқа тию секілді жағдайлардың алдын алу, оқушылардың буллинг, кибербуллинг туралы жалпы түсінігін қалыптастыру арқылы жауапкершіліктерін арттыру, өзара сыйластық қарым-қатынасын орнату, заң және тәртіп құндылықтарын насихаттау мақсатында мектебімізде мектеп парламентінің ұйымдастыруымен 8-9 сынып оқушыларымен "Буллингтен қорған" тақырыбында ашық алаң ұйымдастырылды.
БУЛЛИНГ - бұл кейбір адамдардың басқаларға қатысты қорқыту немесе физикалық және психологиялық қорқынышының бір түрі. Қудалаушылардың құрбандарына әдейі тудырған қорқыныш негізінде оларды бағындыру болып табылады.
Осы тақырып аясында ҚПБ ЖПҚю ЮПБ полиция аға капитаны Ж.Б. Қарабалақова,мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.Оспанова ,мектеп президенті А.Мұқанқызы түсіндірме жасалып, кеңестер берілді. _мектеп парламенті_
https://140sh-kzl.edu.kz/kz/zhanaly-tar/1091-bullingten-or-an.html#sigProIdaa4bce66d9



