Кез - келген саналы баланы «Мен болашақта қандай мамандықты таңдасам екен?» немесе «Таңдаған мамандығыма қалай қол жеткіземін?» деген ойлар мазалайтыны анық.
Осындай ниетпен шәкірттеріміздің болашағына сәттілік тілей отырып, мамандық таңдау кезеңінде тұрған оқушыларға бағыт - бағдар беріп, таңдау мүмкіндіктерін шешуіне ықпал ету мақсатында, Сыр елінің жастарын қолдап жүрген азаматтарымыз Айтпенбетов Болатбек Серікбайұлы - Қызылорда облысының «Еріктілер Фронт-офисінің» жетекшісі, Облыстық ішкі саясат басқармасының «Қоғамдық келісім»КММ директоры, қоғам белсендісі және
Меңдібаев Талғат Амангелдіұлы - «Кітап құрттары» клубының жетекшісі, белсенді жас, математика ғылымдарының магистрімен, бітіруші түлек 10-11 сынып оқушыларымен ашық әңгіме алаңында кездестік.
Мамандық таңдауда ең бастысы жүрегіңнің қалауын, бейініңді алға қоюың шарт және адамның мінезінің көркем болуын тілге тиек етті.
Қорыта айтқанда, абыройлы, ақ ниет-адамдыққа сенемін!-дегендей ел сеніміне кіретін құрметті мамандық иесі боламын десеңіздер білім алуға барлық күш жігерлеріңді жұмсап, егеменді еліміздің ертеңі-болашақ маман иегерлері болуларыңызға шын жүректен тілектеспіз,-деп кездесуімізді қорытындылады..
Түлектер ұйып тыңдап,өз пікірлерінде айтып, көкейінде мазалап жүрген сұрақтарын қойды.
{gallery}/007/4{/gallery}



