#ПРОФЕССОРДАН_ПРОФТРЕНИНГ
ХХІ ғасыр – білім мен ғылым ғасыры. Заман талабына сай бәсекеге қабілетті, ұлттық құндылықтың туын биік ұстайтын жас ұрпақты тәрбиелеу – маңызды міндет. Осы тұста, Елбасы: «Еңсесін енді көтеріп келе жатқан біздің еліміз үшін дарынды ұрпақтың орны мүлде бөлек» – деп, дарынды да дарабоз оқушылардың қабілетін айрықша атап өткен болатын.
Ғылыми жобалар мен пәндік олимпиадалардың дарынды оқушыларды шабыттандыруда алатын орны ерекше. Осы тұста жетекшілерге артылатын жүктің де салмағы ауыр. Қорқыт Ата атындағы университеттің аға оқытушысы, биология ғылымдарының кандидаты Кұрманбаев Рахат Хамитұлы мұғалімдерге «Мектеп оқушыларының ғылыми жобаларын» ұйымдастыру тақырыбында тренинг өткізді.
Облыс көлемінде жиналған ұстаздар ғылыми жұмыстарға байланысты сұрақтарына жауап алып, өзара пікір алмасты. Мектебіздің «SCIENCE FAСTORY» ғылыми-зерттеу орталығының жұмыс жоспарына сәйкес өз ісінің үздіктерімен жиі бас қосып, ғылыми бағытта жұмыстар жүйелі жүргізілмек. Білім жанашырларымен бірге, түрлі бағыттағы жұмыстар жасалатын болады.




