oC
×

Ескерту

JFolder: :files: Путь ведёт не к каталогу. Путь: [ROOT]/images/-15
×

Назар аударыңыз

There was a problem rendering your image gallery. Please make sure that the folder you are using in the Simple Image Gallery Pro plugin tags exists and contains valid image files. The plugin could not locate the folder: images/-15

БЕДЕРЛІ БЕЛЕС БИІГІ:

КЕМЕҢГЕРЛІКТІҢ 30 ЖЫЛЫ

САЯХАТ САБАҚ

ҚАЗАҚСТАН ТӘУЕЛСІЗДІК ЖЫЛДАРЫНДА

Тәуелсіздіктің алғашқы жетістігі – халқымыз өз таңдауымен ел Президенті сайлады. Оған үлкен сенім артты, міндет жүктеді. Мұның мәнін біз жақсы түсінеміз. Назарбаев Нұрсұлтан Әбішұлы ата – елге, барша әлемге танылған, өмір еңбектің шытырман жолдарынан өткен, шыңдалған,

болашақты көрегенділікпен саралап, болжай білетін азамат. Өткенінің өзі – көпке үлгі болар өмірбаян. Елбасы ойластырған саясат пен оның көшбасшылық сипаты Қазақстан экономикасын әлем бойынша экономикасы ең тез дамыған елдердің бірінің дәрежесіне жеткізді.

Ел мен Елбасының жүріп өткен жолын бүгінгі ұрпаққа кеңінен насихаттауымыз керек. Осы ретте мектебіміздің 10 сынып оқушылары Қызылордада Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде орналасқан «Елбасы және Тәуелсіз Қазақстан» оқу-көрме залына саяхат жасап қайтты. Тарих пәнінің мұғалімі Төлегенова Жадыра «Қазақстан Тәуелсіздік жылдарында» тақырыбын кеңінен насихаттап, оқушыларға патриоттық тәрбие берді.

Көрме залы екі бөлмеден тұрады. Біріншісінде, еліміздің Тәуелсіздік жылдарындағы қол жеткізген ең маңызды жетістіктерін айқындайтын материалдарды тамашалауға болады. Сонымен қатар Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері – Туы, Елтаңбасы, Әнұранның қабылданылуы, Қазақстан Республикасының мемлекеттік нышандары туралы Жарлық, заң, қаулы сынды құнды құжаттар бар.

Екінші бөлмеде Тұңғыш Президенттің әр жылдардағы наградалары, Елбасының сүйіп оқитын әдебиеттері, Елбасы жазған еңбектер мен Елбасы жайлы жазылған еңбектер қойылған.

  • «Көшті бастай білген, артына миллиондаған халықты ертіп, дамуға, өсуге алып келген Тұңғыш Президентіміздің еңбегі көпке үлгі. Елі, жері үшін еңбек еткен Ұлт көшбасшысын ұлықтау – біз үшін үлкен мәртебе.

 {gallery}-15{/gallery}