oC
×

Ескерту

JFolder: :files: Путь ведёт не к каталогу. Путь: [ROOT]/images/-22/7
×

Назар аударыңыз

There was a problem rendering your image gallery. Please make sure that the folder you are using in the Simple Image Gallery Pro plugin tags exists and contains valid image files. The plugin could not locate the folder: images/-22/7

Абылай хан атындағы 140 қазақ орта мектебінің Коворкинг орталығы төрт әлемге бөлінген, соның бірі <Өнер әлемі>.

Өнер әлемі аясында музыка пәні мұғалімі Әрекешова Гүлзираш апай және мектеп кітапханашылары Бегман Махаббат, Маманова Салтанаттың ұйымдастыруымен Күміс көмей әнші, Халық қаһарманы, Тарлан сыйлығының иегері Роза Тәжібайқызы Бағланова жайлы "Ақмаңдайлымды әуелеткен Роза..." атты іс-шара өткізілді.

Шараға 6-Ә сынып оқушылары ( сынып жетекшісі:Байдарбесова Салтанат) және 8-Ә сынып оқушысы Талғатқызы Тахмина қатысты. Шара барысында Роза Бағланованың өлеңдері шырқалды.

Роза Тәжібайқызы Бағланова 1922 жылы 1-қаңтарда Қызылорда облысы, Қазалы ауданында дүниеге келген. Мектеп бітіргеннен соң 1939 жылы Роза Қызылорда педагогика институтына түседі, кенеттен әкесі қайтыс болып, тұрмыстық жағдайына байланысты сол жылы Ташкент тоқыма институтына ауысады. Роза Бағланова Ұлы Отан соғысы жылдары майданды аралап, өнер көрсетіп, 1945 жылы 9 мамырда Берлиндегі жеңіс концертіне қатысады. Бірақ ол концертте Өзбекстан атынан шығып жүреді. 1949 жылы Қазақ ақыны Жұбан Молдағалиевтің қолдауымен Роза Бағланова елге оралады. Міне содан бері өз елінде әнін шырқап жүрді.

{gallery}-22/7{/gallery}