ӨТКЕН КҮННЕН ЕСТЕЛІК
Еліміздің ашық аспан астында бейбіт күн кешіп, оқушыларымыздың қамсыз білім алып, еркін өмір сүруі кешегі ел шетін жаудан қорғап, ерлік пен батырлықтың үлгісін көрсеткен батырларымыздың арқасы десек болады. Бүгін мектебімізге 1993-2001 жылдары болған Тәжік-Ауған шекарасындағы қарулы қақтығысқа қатысып, өздерінің интернационалдық және жауынгерлік борыштарын адал атқарған батырлар келді.
Мектебіміздің оқушысы Жолдасбекұлы Бекзаттың әкесі де өткен күннің батыры, Тәжік-Ауған соғысының ардагері. Майдандас достары батырдың ұлына сый-сияпаттарын табыстап, әкесінің ерлігін айтып, ұзақ ғұмыр тіледі.
Тәуелсіз Қазақстан Қарулы Күштерінің айбынын асырған, Отан алдындағы борыштарын адал атқарған батырлар мектеп оқушыларына өмірлік тәлім беріп ақылдарын айтты. Шынайы батырлардың айтқан әрбір сөзін оқушылар мұқият, зор ықыласпен тыңдады. Әкенің отбасындағы рөлі, ер баланың өмірдегі міндеті туралы сөз қозғап, патриоттық тәрбие бергендеріңіз үшін жас ұрпақтың атынан алғыс айтамыз
{gallery}neww-5{/gallery}



