Мұғалімнің мәртебесін көтеру, ұстаздарды құрметтеуге тәрбиелеу мақсатында Мың_рақмет_ұстаз_мұғалім акциясының айдары
ІІ күн
-------------------------------------
Құрметті Мөлдір Әбдірқызы! Сіз менің жүрегімнен орын алған, нақты іске бағыттай алған нағыз ұстазсыз. Сізге бүгін алғыс айтпақшымын. Әрине, ұстаздың барлығы да жақсы, бірақ сіз ерекшеленіп тұрасыз. Себебі бізді қорғай да, қолдай да білдіңіз. Білім берумен қатар, шығармашылық жұмыстарға баулып, жобалармен жұмыс жасауды меңгерттіңіз. «Жасыл ғаламшар» кіші мектебі жұмыстарының аясындағы «Метеорология» тәжірибелеік-зерттеу алаңы мектеп оқушылары үшін зерттеу жұмыстарын жүргізуге мүмкіндік беріп, сіздің жетекшілігіңізбен ғылыми бағыттағы ізденістерімізді дамытудамыз. Мектеп директоры Айгуль Нажмадинқызымен «Метеорология» тәжірибелеік-зерттеу алаңындағы жүргізіп жатқан жұмыстарымыз, алаңның мүмкіндіктері жайлы Қазақстан-Қызылорда арнасындағы «Қайырлы күн, Қызылорда!» бағдарламасында сұхбат та бердік. Құрметті Мөлдір Әбдірқызы, биыл біздің мектеп қабырғасындағы соңғы оқу жылымыз, 11 сыныпты аяқтап мектептен түлеп ұшсақ та сіздің ақылыңызды, мейіріміңізді, тәрбиеңізді ешқашан ұмытпаймыз.
11 «Ә» сынып оқушысы Нұрғали Венера
{gallery}neww-7{/gallery}



