oC

Ана керек, о, адамдар, ана керек адамға,

Анасыздар аң сияқты күн кешіп жүр ғаламда.

Пікірімді ұнатпаған таптық та дер дананы,

Даналықтың қажеті жоқ сыйлау үшін ананы!

Ұлылардың ұлағаты, тағылымды өсиеттерінен ана – қоғамның қозғаушы күші, бірлік-тірлік негізі, ел тұтқасы екендігін ұғынуға болады.

12 мамыр – Аналар күні мерекесіне орай Қызылорда облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесі, және Абылай хан атындағы №140 қазақ орта мектебінің «Отбасы мектеп» штабының бірлесіп ұйымдастыруымен «ӘЛЕМДІ ТЕРБЕТКЕН АНА» тақырыбында өнер жәрмеңкесі өтті. Шарамызға мектебіміздің он саусағынан өнер тамған шеберқол, өз өнерлерін шыңдап, қазіргі таңда табысты бизнес көзіне айналдырып отырған аналарымыз қатысты.

Ана – барлық өмірдің бастауы. Адам бойындағы барлық асыл қасиет күннің нұрынан, ананың ақ сүтінен дариды. Әйел заты бола тұра адами беріктіктің асыл қасиетін орындап, артындағы ұрпағына шынайы махаббаттың ақиқатын айқындап, бар жақсыны өн бойына жыйа білген асыл аналарымыз қандай қошеметке болсын лайықты!

МЕРЕКЕЛЕРІҢІЗ ҚҰТТЫ БОЛСЫН АНАЛАР!