Ұлы жол – отбасы табалдырығынан басталады
Бүгін 15 мамыр халықаралық отбасы күніне орай Қызылорда Қаласының Білім Бөлімі, Қалалық Спорт Бөлімі, Қызылорда Отбасын Қолдау Орталығы және Абылай Хан Атындағы Мектеп бірлесуімен ұйымдастырылған жанұялық эстафеталық сайыс өтті. Сайысқа белсенділік танытып 8 отбасы қатысты. Сайыс барысында шапшаңдық танытып, қарсыластарынан оза шапқан отбасылар 1,2,3 орындарға ие болып, арнайы дипломдармен марапатталды. Барлық қатысушыларға сыйлықтар табысталды.
Отбасы-адамзат баласының дүниеге шыр етіп келгенде, есігін айқара ашып енетін үйі, өсіп ержететін, тәрбие алатын аса қажетті, әрі қасиетті алтын бесігі. Отбасыларыңызға амандық, дендеріңізге саулық тілейміз!
МЕРЕКЕ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!
https://140sh-kzl.edu.kz/kz/zhanaly-tar/921-15-mamyr-khaly-araly-otbasy-k-ni.html#sigProIdd2574707e1



