Бүгінгі күн ерекше күн, жүректі алып ұшқан күн, болашаққа қанат қаққан күн! Мектебіміздің биылғы бітіруші түлектері арман жолына деген алғашқы қадамдарын #МЕЙІРІМДІЛІК_АКЦИЯСЫНАН бастады.
Мейірімділік – өмірдің мәні. Мейірімділік – адамның жүрегі арқылы күлімдеген жүзінен мейірім оты көрінетін сезім. Адамның бір-біріне деген мейірімі арқылы өмір қалыптасады. Ата-ана қайырымдылығы, оқушы қамқорлығы жанға жылулық сыйлайтын игі іс.
«Ұл тәрбиелей отырып, жер иесін тәрбиелейміз, қыз тәрбиелей отырып, ұлтты тәрбиелейміз», - деген екен. Тәуелсіз мемлекетте алаңсыз бақытты өмір сүретін, жарқын болашаққа асқақ арманмен ұмтылатын, кемел келешекке сенетін азамат болып өсіңдер!
https://140sh-kzl.edu.kz/kz/zhanaly-tar/942-mejirimdilik-aktsiyasy.html#sigProId118cefe96b



