oC

Бүгінгі күн! 11 жыл бойы тәлім – тәрбие берген ұстаздар мен ата - аналардың еңбегінің жемісі болып саналатын жас түлектердің мектеп қабырғасынан шығып үлкен өмірге қадам басардағы қуанышты күні.

Мектеп - өмір бастауы, білім кемесі, даналықтың мұрасы. Ұстаз - жас ұрпақтың рухани сәулетшісі , ұлағатты есімнің иесі.

Бүгінгі жас – ертеңгі елдің тізгінін мықтап ұстар, ел болашағы, келешек келбеті. Сол себепті олардың білімді, бәсекеге қабілетті, жан-жақты болуы ертеңгі ел тағдыры!

Міне, «Алтын ұя» мектебін бітіріп, тағы бір оқу жылы аяқталып, жаңа өмірге, жаңа арманға жас түлектер қанат қақты.

Мектебіміздің түлектеріне арналған «Мектебім, саған мың алғыс!» атты мектеп бітіру жиыны өткізілді.

Мектеп басшысы Айгүл Нажмадинқызы мектеп бітіруші түлектерге жылы лебізін білдіре отырып, сәттілік тіледі.

Бітіруші түлектер! Сіздер үшін бүгінгі күн ерекше күн! Осынау кезеңдерде өмір кемеңіздің желкенін еш уақытта түсірмеу үшін, сіздің бойыңыздан білім мен білік, батылдық пен табандылық табылатынына сенеміз!

#СӘТ_САПАР_ЖАС_ТҮЛЕК!