Баланың ең сенімді қорғанысы – дені сау, тату, берекелі отбасы. Балалар біздің үмітіміз, болашағымыз. Қуаныш пен шаттыққа толы балалық шақтан асқан сұлулық жоқ, оны солай ету – отбасының, қоғамның, мемлекеттің міндеті.
Балаларды қорғау күнінің мақсаты – балалардың өмір сүруге, пікір бостандығына, білім алуға және қорғауға құқығы бар екенін еске салу.
Мектебіміздің жанынан ашылған «Балдәурен» жазғы тынығу лагері мерекеге орай балалармен бірге қаламыздың көрікті жерлерін аралады.
Мектеп лагерінде жұмыс жасап жатқан 4 орталық 4 топқа бөлініп, оқушылармен бірге #экскурсия жасады.
«СПОРТ ОРТАЛЫҒЫ» оқушылармен бірге Қалалық ойын-сауық паркіне барып көңіл көтерді;
«QUIZ SHOW» орталығы Қалалық музейге барып, қаламыздың тарихымен танысты;
«ОЙЫН ОРТАЛЫҒЫ» және «ОЙЫН ОРТАЛЫҒЫ»оқушылармен бірге Қазақстан Республикасы Халықаралық балаларды қорғау күнін мерекелеу қарсаңында облыстық «Әншуақ» қазақ тіліндегі балалар әндері фестиваліне қатысты.
Әр бала бақытты болуға лайықты! Балаларымыздың болашағы жарқын, келешегі айқын болсын!
https://140sh-kzl.edu.kz/kz/zhanaly-tar/948-mausym-balalardy-or-au-k-ni.html#sigProId1b06c9b4cb



