oC
×

Ескерту

JFolder: :files: Путь ведёт не к каталогу. Путь: [ROOT]/images/neww-12
×

Назар аударыңыз

There was a problem rendering your image gallery. Please make sure that the folder you are using in the Simple Image Gallery Pro plugin tags exists and contains valid image files. The plugin could not locate the folder: images/neww-12

Бүгін мектебіміздегі оқу-тәрбие процесін коллегиялды түрде басқара отырып, оның әрі қарай дамуына ықпал ету мақсатында #Қамқоршылық_кеңестің кезекті отырысы өтті. Отырыстың күн тәртібіндегі төмендегідей мәселелер қарастырылды

2020-2021 оқу жылындағы жан басына шаққандағы қаржыландырудың игерілу.

Оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың 2021-2022 оқу жылындағы ерекшеліктері.

Жалпыға міндетті оқу қоры есебінен бөлінген қаржыдан білім алушылардың көмекпен қамтылуы.

2021-2022 оқу жылында оқушылардың қосымша білім берумен қамтылуы.

2021-2022 оқу жылында мектепке қабылданған педагог кадрлардың сандық, сапалық құрамы.

Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша мектеп директоры Айгуль Нажмадинқызы бөлінген жалпы қаржы мен мектеп қажеттілігіне қарай алынған жабдықтарға сәйкес толыққанды, жан-жақты есеп берді. Ашықтық және қолжетімділік қағидасы негізінде #кеңес_мүшелеріне қаржының игерілу көздері нақты көрсетілді. Оқушылардың сапалы білім алып, жаңа технологияларды игеруі үшін ағылшын тілі, орыс тілі, мультимедия және бастауыш сынып кабинеттері заманауи үлгіде толық жабдықталды. Сонымен бірге мектептің материалдық-техникалық базасын қамтамасыз ету мақсатында кешенді, жүйелі, маңызды жұмыстар жүргізілетіндігін атап айтты.

Оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың 2021-2022 оқу жылындағы ерекшеліктері тақырыбындағы екінші мәселеде Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі Асхат Қанатұлының биылғы оқу жылында #дебат_үйірмелерін, #өзін_өзі_басқаруды, #оқуға_құштар_мектеп және #мектеп_театры жұмыстарын жандандыруға ден қою қажеттілігін көтергені айтылды. Тапсырмаға сәйкес мектеп жанынан «Ғажайып театр» #қуыршақ_театры құрылып, ынтасы мен бейіміне қарай оқушылар іріктеліп алынды. «Отбасы мектеп» штабының ашық алаң отырысында «Қызыл телпек» қойылымының ең алғаш көрсетілімі болды. Дебат үйірмесі де бүгінгі таңда жолға қойылып, оқушыларымыз тырнақалды жетістіктеріне де жетуде.

Мектебіміздегі 1306 оқушының 180-і жеңілдетілген ыстық тамақпен қамтылған білім алушылар санатынан. Білім алушылар 5 санат бойынша ыстық тамақ, қыстық киім, мектеп формасы және мектеп жазу керек-жарақтарының жинағымен қамтамасыз етілген.

Қосымша білім берумен қамтылған барлық оқушылар саны 979(75%), оның ішінде мектептен тыс үйірмелерге 168(13%), мектеп жанындағы үйірмелерге 811(62%) оқушы қатысады. Мектеп жанында 37 үйірме жұмыс жасайды, соның ішінде 13 үйірме жетекшісінің негізгі жалақысына қосымша базалық жалақы төленеді.

2020-2021 оқу жылында әлеуметтік-ғылыми жобаларға бағытталған мектеп бағыты бойынша атқарылған жұмыстарға тоқталып, жетістіктер айтылды. Мектеп оқушыларына мұғалімдердің жетекшілік етуімен #6кіші_мектеп құрылып, түрлі бағыттарда #18_жоба жұмыс жасауда. Мектеп ауласындағы #GREEN_STUDY жылыжай ғылыми-ізденіс орталығында, метеорологиялық алаңда білім алушылар зерттеулер жүргізіп, тәжірибе алуда.

Отырыс соңында кеңес мүшелері атқарылып жатқан жұмыстарды қанағаттанарлық деп тауып бірнеше ұсыныстар берді

Бұқаралық спортты дамыту бағыты бойынша мектеп оқушыларының қыс мезгілінде де футбол ойнауына жағдай жасау мақсатында үнемделген қаржы есебінен футбол ангар алаңын тұрғызу.

Мектептегі өзгерістер мен жаңалықтарды кем дегенде айына бір рет келіп көру, бақылау

Мөлтек ауданның кеңейуіне сәйкес оқушылар саны да артуда. Сол себепті қосымша ғимарат салуға ұсыныс жасау.

Мектеп оқушыларының құқықтарының сақталуына, сонымен қатар бөлінген қаржының жұмсалуына қоғамдық бақылауды жүргізуді әрдайым қаперінде ұстайтын қамқоршылық кеңес мүшелері алдағы уақыттарда да жолға қойылған жұмыстар жалғасын тауып, тығыз байланыс орната отырып жүргізілетінін жеткізді. 

{gallery}neww-12{/gallery}