Қиындығы мен қызығы мол тағы бір оқу жылы артта қалды. Алда жайдары, жақын жаз, көңілді демалыс, тынымсыз еңбек тоқсаны.
Баршаңызды оқу жылының аяқталуымен, түлектермен қоштасу мерекесімен құттықтаймыз!
Бүгінгі күн! 11 жыл бойы тәлім – тәрбие берген ұстаздар мен ата - аналардың еңбегінің жемісі болып саналатын жас түлектердің мектеп қабырғасынан шығып үлкен өмірге қадам басардағы қуанышты күні.Бұл –алтын ұя мектебін бітіріп, қияға қанат қағатын, жастар үшін ең бір қымбат, ең бір қимас, ең бір ұмытылмас жүрек тебірентелік сәт.
Келешек өмір қандай болса да, қуанышы мен реніші қатар келсе де, еліміздің қай түпкірінде болсаң да сен міндетті түрде алтын ұя мектебіңді, бірге өскен достарыңды, осы салтанатты, толғандырар минутты естен шығарма, жолдарың болсын-деп тілек білдіреміз!
https://140sh-kzl.edu.kz/kz/zhanaly-tar/967-mektep-bitirushilerge-a-zhol-tilejmiz.html#sigProId15fca3f2b2



